Сауда министрлігі азаматтардан түскен шағымдардан кейін бензин сапасын тексеруді жалғастырып жатыр. Тексеру зауыттан автожанармай құю станциясына дейінгі барлық кезеңді қамтиды. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
Министрлік Павлодар мұнай-химия зауытынан бензин сынамасын алып, тәуелсіз зертханаға тапсырды. Sinoil, QazaqOil және Helios қоспалары қосылған отын үлгілері де жеке зерттеліп жатыр. Зерттеу нәтижелері бір апта ішінде белгілі болады.
Қазіргі уақытта азаматтардың 12 өтініші қаралып жатыр. Оның 9-ы – Астана қаласынан, 1-еуі – Павлодардан және 2-еуі – Солтүстік Қазақстан облысынан.
Сонымен қатар, 17 жанармай құю станциясында бақылау сатып алуы жүргізілді. Оның 5-еуі – Алматы қаласында, 5-еуі – Алматы облысында, 6-ауы – Абай облысында және 1-еу...