Солтүстік Қазақстан облысында 13 су айдынын балық шаруашылығына бергелі жатыр, аталған мақсатты жүзеге асыру үшін конкурс жарияланды.
Петропавл.news хабарлауынша, көлдерді кәсіпкерлерге 10 жыл мерзімге пайдалануға беру жоспарланып отыр. Мұны Есіл өңіраралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы жария еткен.
Конкурс 5 мамыр күні сағат 10:00-де e-qazyna электрондық платформасында өтеді. Қатысушылар өтінімдерді электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы онлайн түрде тапсыруы қажет.
Қандай көлдер ұсынылды
Тізімге облыстың бірнеше ауданындағы су айдындары енгізілген:
Қызылжар ауданы:
– Исаково көлі – 33,6 га;
– Каменное көлі – 164,6 га.
Айыртау ауданы:
– Арықбалық тоғаны – 25 га;
– Логовое көлі – 80 га.
Жамбыл ауданы:
– Щитово көл...