Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында бокстан Әлем кубогы кезеңінің жартылай финалдық жекпе-жектері аяқталды, деп хабарлайды Ұлттық олимпиада комитеті.
1/2 финалдың қорытындысы бойынша үш қазақстандық боксшы финалға шығып, алтын медаль үшін бақ сынайды. 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Виктория Графеева Польша өкілі Анета Рыгельскаямен кездесіп, 5:0 есебімен сенімді жеңіске жетті.
65 келіге дейінгі салмақта Аида Әбікеева бельгиялық Ошин Дериумен жұдырықтасып, 4:1 есебімен жеңісті жұлып алды.
85 келіге дейінгі салмақта Сұлтанбек Айбарұлы неміс боксшысы Валерий Вальтерден басым түсті – 5:0.
Айта кетейік, 80 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Валерия Аксенова жеребе қорытындысы бойынша тікелей финалға шықты, өйткені бұл дивизионда тек ек...