Күзден бастап электр энергиясы тарифтері қымбаттайды. Қазір бұл өтінімді Табиғи монополияларды реттеу комитеті қарап жатыр. Бұл туралы «KEGOC» АҚ басқарма төрағасы Нәби Айтжанов Үкіметте өткен брифингте хабарлады.
Компания 1 қазаннан бастап бес жылдық бағдарлама аясында қызмет құнын тағы да көтеруді жоспарлап отыр. Қазір бұл өтінім Табиғи монополияларды реттеу комитетінің қарауында жатыр.
«Алдын ала болжам бойынша, биылғы өсім шамалы болады – 2 пайыздан аз. Ал алдағы бес жылда орташа тариф шамамен 11–13 пайыз шамасында өседі деп отырмыз. Бірақ нақты санын әзірге білмейміз, қазір Табиғи монополияларды реттеу комитеті оны қарап жатыр», – деп атап өтті KEGOC басшысы.