Apple компаниясы жаңа Mac mini және Mac Studio компьютерлерін таныстырды. Жаңа құрылғылардың басты ерекшелігі – өнімділігі артқан M6, M5 Pro, M5 Max және M5 Ultra чиптері. Компанияның мәліметінше, жаңа процессорлар жасанды интеллектпен жұмыс істеу мүмкіндігін күшейтеді.
Жаңартылған Mac mini M6 және M5 Pro чиптерімен шығарылады. M6 процессоры бар нұсқада жасанды интеллектке қатысты тапсырмаларды орындау жылдамдығы төрт есеге дейін артқан. Графика мен деректерді сақтау жылдамдығы екі есеге, ал негізгі процессордың өнімділігі 40%-ға өскен.
Mac mini-дің M6 чипі бар нұсқасы 899 доллардан басталады. Ал M5 Pro процессорымен жабдықталған модельдің бастапқы бағасы – 1699 доллар
Mac Studio болса M5 Max және жаңа M...