Бірқатар өңірде жылыту желісін жөндеу мерзімдерінің кешігу қаупі бар. Мәселен, осындай тәуекелдер Көкшетау, Теміртау, Жезқазған қалаларында орын алып отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Прмеьер-министр Олжас Бектенов айтты.
Жылыту маусымының басталуына шамамен бір ай уақыт қалды. Солтүстік өңірлерде дайындық жұмыстарын аяқтау мерзімі бұдан да шектеулі. Сондықтан жөндеу науқанын уақытылы аяқтау үшін жұмыс қарқынын арттыру қажет.
«Бірнеше өңірде жөндеу мерзімдерінің кешігу қаупі бар. Мұндай тәуекелдер Көкшетау, Теміртау, Жезқазған қалаларында орын алып отыр. Сондай-ақ Алматы және Солтүстік Қазақстан облыстарында да жылу желілерін жөндеу баяу жүріп жатыр.
Энергетика нысандарын қысқы кезеңге дайындауға жауапты өңірлік штабтардың жұмысына назар аударамын...