Зейнетақы жинағын жеке басқарушы компаниялардың кейбірінің табыс көрсеткіші Ұлттық Банктен айтарлықтай асып түсті.
2026 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша БЖЗҚ активтерін басқаруда соңғы 12 айда ең жоғары кірісті «Сентрас Секьюритиз» алған. Осы кезеңде компанияның инвестициялық кірістілігі 15,6%-дан асты. Салыстырар болсақ, Ұлттық Банктің басқаруындағы активтердің кірістілігі 7,1%-ды құраған еді. Қаржы сарапшылары инвестициялық нәтижені дұрыс бағалау үшін қысқа кезеңді емес, ұзақ мерзімді көрсеткіштерге сүйенуді ұсынады.
«Сентрас Секьюритиздің» кірісі жоғары
Компания басқаруында 18,9 млрд теңге зейнетақы активі бар. Инвестициялық қызметтің арқасында жыл басынан бері 711,6 млн теңге табыс есептелді.
Активтердің кірістілігі жыл басынан бері 9,7%-ды құраса, соңғы 12 айда 15,6%-ға жетіп...