Америка Құрама Штаттары бір жыл бойы Ресеймен соғысып жатқан Украинаға тағы 500 млн доллар көлемінде әскери көмек бермек. Бұл туралы Украинаға келген Ақ үй басшысы Джо Байден мәлімдеді деп жазады, dw.com.
Бұл көмектің ішінде HIMARS доңғалақты шассиіндегі бірнеше зымыран жүйесіне арналған оқ-дәрілер де бар. Байден Вашингтонның Украинаны қажетінше қолдайтынын жеткізді.
АҚШ Президенті Укранинаның бір жол бойы жауға қарсы тұра алғанын, соның арқасында демократия аман қалғанын атап өтті.
Жаңа көмек пакетінің егжей-тегжейі 21 ақпанда жарияланады.
Бүған дейі Украина ақпарат құралдары екі президенттің Михайловский алаңында қатар жүріп бара жатқанын түсіріп, екі мемлекет басшысы серуендеп жүргенде әуе дабылының дауысы естілген...