Депутат Бауыржан Қаниев Сенатта өткен парламенттік тыңдау кезінде ауылдық жерлерде тұрғын үй салу мәселесін көтерді.
Сенатор индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаевтан осы бағытта қандай жұмыс атқарылып жатқанын сұрады.
«Ауылдық жерлерде бір тұрғынға үй-жайлардың жалпы ауданының 19, 8 шаршы метрінен келеді. Қала тұрғынына 25, 5 шаршы метр тиіп отыр. Яғни, 1,3 есе көп. Мұндай алшақтық қазір халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі бағдарламалық құжаттарда ауылдық жерде тұрғын үй құрылысын дамыту бойынша бағыттардың жоқтығы себебінен арта береді. Үкімет ауыл тұрғындарын тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі арнайы бағдарламаны әзірлеу және қабылдау мәселесін қарастырып жатыр ма?», – деп...