2023 жыл басталғалы базалық пайыздық мөлшерлеме өзгерген жоқ. Қаңтарда Ұлттық банк базалық ставканы 16,75 пайыз деңгейінде сақтап қалды. Былтыр жыл бойы бұл инструментті ҰБ-ның дүркін-дүркін көтергенін және сол арқылы инфляцияны ауыздықтауға тырысып жатырмыз деп уәж айтқанын білеміз. Сарапшылардың бір тобы мұны дұрыс десе, енді бір тобы ҰБ-ның қатаң ақша-несие саясатымен келіспейтінін айтып жатты. Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов биыл монетарлық саясат былтырғыдай қатты жүрмейді дейді. Ставканың қазіргі деңгейі біраз уақыт сақталуы да мүмкін екен.
Бұл туралы ол таяуда ғана мәжілістегі «Ақжол» фракциясының депутаттарының сауалына берген жауабында мәлім етті. Айтуынша, базалық мөлшерлеме бойынша шешімдер қабылдау кезінде Ұлттық банк нақты секторға әлеуетт...