2006 жылғы аңызға айналған туындының жалғасы – «Prada киген әзәзіл 2» фильмі прокаттың алғашқы күндерінен-ақ рекорд орнатып жатыр.
Фильм әлемдік прокаттағы алғашқы демалыс күндері (уикенд) 233,6 млн доллар жинап, кассалық рекорд орнатты. Көрсеткіш 2006 жылғы бірінші бөлімнің АҚШ-тағы бастапқы табысынан (27,5 млн доллар) бірнеше есе асып түсті.
Бас рөлді сомдаған Мерил Стриптің мансабындағы ең табысты премьера ретінде тіркелді. Киноға деген қызығушылық оның шығуынан бұрын-ақ байқалған еді. Трейлері алғашқы 24 сағат ішінде 222 млн рет қаралып, «20th Century Studios» компаниясының тарихындағы абсолютті рекордты жаңартты.
Қазақстандағы жағдай
Қазақстандық көрермендер де әлемдік трендтен қалыс қалар емес. Ticketon мәліметтері бойынша...