2026 жылғы сәуір айында Қазақстан мұнай мен консентаты өндірісін наурызбен салыстырғанда 16%-ға арттырды. Бұл туралы Reuters дереккөздер мәліметіне сүйене отырып хабарлайды.
Әлемдегі мұнайдың 2%-дан астамын беретін Қазақстан екінші тоқсанның алғашқы айында ірі кен орындарындағы өндірісті күшейтті. Reuters дереккөзінің мәліметінше, сәуірде шикізат алу көрсеткіші тәулігіне 2,17 млн баррельге дейін ұлғайды. Салыстырар болсақ, наурыз айында тәулігіне 1,87 млн баррель мұнай мен газ өндірілген.
Reuters елдегі ең ірі кен орны – Теңізде мұнай өндірісі көбейгенін атап өтті. Мұнда, дереккөздер мәліметінше, өндіріс тәулігіне 973 мың баррельге дейін жетіп, 39%-ға ұлғайған.
Айта кетейік, биыл қаңтар айында Каспий теңізінің қайраңынан мұнай алатын Теңіз кен...