Қазақстанда тамыз айында мұнай өндіру тәулігіне 1,45 млн баррельді құрады. Бұл туралы Platts деректеріне сілтеме жасап S&P Global Commodity Insights хабарлады.
Тамыз айында ОПЕК+ ұйымының мұнай өндіру бойынша Қазақстанға бекіткен квотасы тәулігіне 1,55 млн баррель болған еді.
S&P Global Commodity Insights дерегінше, осылайша Қазақстан ОПЕК+ квотасынан тәулігіне 100 мың баррельге артта қалған.
Энергетика министрлігі тамыз айындағы мұнай өндіру көрсеткіштеріне қатысты мәлімет жарияламады.
Еске сала кетейік, Қазақстан үкіметі Қашаған кен орнында ғана мұнай өндірісін тәулігіне 1,6 млн баррель жеткізуді көздеп отыр.
4 қыркүйек күні мұнай бағасы рекордтық өсім көрсетті. Brent маркалы «қара алтынны...