Президент Марокко Королі VI Мұхаммедке көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Марракеш-Сафи аймағында болған жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Король VI Мұхаммедке көңіл айтты.
«Осындай ауыр сәтте қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, барша қазақстандықтардың және жеке өз атымнан Сізге, сондай-ақ бауырлас Марокко халқына көңіл айтамын«, – деп жазылған жеделхатта.
Жаңалықтар
Қырғызстанның экономика және сауда министрлігі мен Кореяның EVSIS Co LTD электр зарядтау станцияларын шығаратын компаниясы арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Бұл туралы 24 kg сайты хабарлады.
Қырғыз делегациясы EVSIS зауытының өзінде электромобильдерге арналған зарядтау станцияларын өндіру процесімен танысты. Компания Hyundai, KIA және BMW сияқты ірі автоконцерналарға қызмет көрсетумен қатар, өндірістен бастап басқару мен техникалық қызмет көрсетуге дейінгі толық циклды жүзеге асырады.
«Қол қойылған келісім электр зарядтау станцияларын өндіру және зарядтау инфрақұрылымы саласында тәжірибе алмасу саласындағы тығыз ынтымақтастықты дамытуға және нығайтуға бағытталған», — деді экономика министрлігі.
Германия Бундестагының депутаттары жылыту жүйелерін таза энергияға ішінара ауыстыруды реттейтін заң қабылдады. Бұл туралы ГФР Парламентінің сайтында хабарланды.
Қазір жүйелердің көпшілігі мазутпен немесе газбен жұмыс істейді. Ал жаңа Заң әрбір жүйенің 65 пайызы таза энергиямен жұмыс істейді деп болжайды. Бастапқыда бұл шара 2024 жылдан бастап жүзеге асырылуы керек еді, бірақ кейінірек мерзімдерді 2028-2029 жылдарға ауыстыру туралы шешім қабылданды. Заңның соңғы нұсқасында үй шаруашылықтары үшін қымбат жылыту жүйелеріне көшуге мәжбүр болатын қаржылық субсидиялар қарастырылған.
Заң жобасын экономика және Энергетика министрлігі вице-канцлер, «жасылдар» партиясының өкілі Роберт Хабектің басшылығымен әзірледі. Қыркүйек айының соңында федералды Штаттардың өкілдер палатасы Бундесрагта заңды мақұлдау немесе...
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Егін жинау науқаны жөнінде жедел штабтың отырысын өткізді.Бұл туралы Үкімет баспасөз қызметі хабарлады.
Егін жинау науқанында фермерлер үшін астықты кептіруге қажетті дизель отынының қолжетімділігі, ауа райының қолайсыздығынан зардап шеккен фермерлердің несиелерін ұзарту, субсидиялар бойынша қарыздарды жабу мәселелері өзекті болып отыр.
Қазақстанның негізгі астық егетін өңірлері – Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында соңғы екі аптада жауын-шашын толастамай тұр. Қазгидрометтің болжамы көңіл көншітпейді: жауын-шашын 17 қыркүйекке дейін жалғасып, аяз түседі, соның салдарынан солтүстік өңірлерде жаңа дәннің өніп кетуі және ылғалдың жоғарылығынан сапасының төмен болу қаупі бар.
«Қазір біздің басты міндетіміз...
Биыл 11 қыркүйектен бастап Алматы қаласының Медеу ауданындағы автотұрақтарға ақы төлеу жүйесі іске қосылады. Бір сағаттың құны – 100 теңге.
Тротуар түріндегі автотұрақтар 2023 жылғы 15 шілдеден 2023 жылғы 11 қыркүйекке дейін тегін болды, өйткені ақылы тұрақтардың жаңа бірыңғай операторы – «Алматы паркинг» бағдарламалық қамтамасыз етуге қосылмаған.
Медеу ауданында жаңа жаңартылған ақпараттық тақтайшалар бойынша барлығы 12 тұрақ аймағы жұмыс істейді, оның 4828-і тротуар тұрағы, 360-ы мүгедектерге арналған орын. Ақылы автотұрақтың жұмыс режимі – күн сайын сағат 8:00-ден 19:00-ге дейін.
Көк базар маңындағы №6547 тұрақ аймағының тарифі сағатына 150 теңге.
Автотұрақ үшін төлемді былай жасауға болады:
«Алматы автотұрақтары» мобильді қосымшасы арқылы...Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті ағымдағы жылдың 1 қазанында 2022 жыл үшін жылжымайтын мүлік және жер учаскелерінің меншік иелерінің мүлік салығын төлеу мерзімі аяқталатынын еске салады. Алайда, ағымдағы жылдың 1 қазаны демалыс күні екенін ескерсек, төлем мерзімі 2 қазанда аяқталады. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.
1 қаңтар – 31 желтоқсан аралығындағы күнтізбелік жыл жеке тұлғалардың мүлік салығын есептеу үшiн салық кезеңi болып табылады.
Салықты есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей салық органдары есептейді, жыл сайын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы айқындаған құн негізінде, мүліктің нақты иелену...
8 қыркүйекте Қазақстан қор биржасында (KASE) доллардың орташа сараланған бағамы 464,48 теңгені құрады. Бір ай бұрын бағам 450 теңгеден аспағанын ескерсек, айлық динамикада ұлттық валютамыз құлдырай бастады.
Бұл тұста төл валютасы құбылған ел тек Қазақстан емес.
Доллар еуро мен фунтқа қатысты арзандауда
АҚШ доллары еуро мен фунтқа қатысты құлдырап жатыр. Инвесторлар Федералдық резервтік жүйе (ФРЖ) басшылығының бірқатар мүшелерінің қызметін бағалауда.
Доллардың алты негізгі әлемдік валютаға қатысты динамикасын көрсететін ICE индексі сауда кезінде 0,24%-ға құлдырады.
Нью-Йорк Федералды резервтік банкінің (FRB) президенті Джон Уильямс АҚШ-тағы инфляцияны төмендету бойынша атқарылған жұмыстарға қанағаттанатынын мәлімдеді және ФРЖ келіп түсетін статистикалық деректерді бақылауды жалғастыратынын, негізгі пайызды...
«Үлкен жиырмалықтың» дәстүрлі саммиті бүгін басталады. Ауқымды шара қыркүйектің 9-10 күндері өтеді. Биылғы жиынға Ресей және Қытай басшылары қатыса алмайтынын мәлімдеген. Бұл туралы РБК сайты хабарлады.
Нью-Делиде екі күндік G20 саммитіне оған қатысушы елдерден басқа тағы тоғыз мемлекет-Бангладеш, Египет, Маврикий, Нидерланды, Нигерия, Оман, Сингапур, Испания және БАӘ шақырылды.
«Үлкен жиырмалыққа» Аргентина, Австралия, Бразилия, Ұлыбритания, Германия, Еуропалық Одақ, Үндістан, Индонезия, Италия, Канада, Қытай, Мексика, Ресей, Сауд Арабиясы, АҚШ, Түркия, Франция, Оңтүстік Корея, Оңтүстік Африка және Жапония кіреді.
Саммитте халықаралық сауда, кедейлікпен күрес, білім, денсаулық сақтау, климаттық өзгеріс сияқты мәселелерді талқылау жоспарланып отыр.
2022 жылы G20 саммиті Индонезия болды. Саммит...
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов North Caspian Operating Company N.V. басқарушы директоры Оливье Лазардың қатысуымен Қашаған консорциумына акционер компаниялардың басшыларымен кездесу өткізді. Бұл туралы Үкімет баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесуде Консорциум қызметіндегі өзекті мәселелер, жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыру және республиканың табиғатты қорғау заңнамасының сақталуы талқыланды.
Үкімет басшысы елімізді мұнай-газ ресурстарымен қамтамасыз етуде Қашағанның рөлі маңызды екенін атап өтті. Бұл тек өндіру операцияларына ғана емес, сонымен бірге көмірсутек шикізатын кешенді өңдеуге де қатысты. Осыған байланысты Мемлекет басшысының халыққа Жолдауындағы тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде газ өңдеу қуатын арттыру үшін жаңа зауыттардың құрылысын тездету қажеттігі айтылды.
Бұдан бөлек, Премьер-Министрдің айтуынша, Консорциумның негізгі міндеті экологиялы...
«Қазтрансойл» АҚ Баку портына қарай экспортталған отандық мұнай көлемін 12 есеге арттырды. Осы жылдың сегіз айы бойынша Ақтау портынан сыртқа 2 млн 164 тонна мұнай тасымалданған.
«Қазтрансойл» өкілдерінің хабарлауынша, аталмыш көрсеткіш өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 759 мың тоннаға немесе 54%-ға артық.
Сонымен қатар, Қазақстандағы мұнай инфрақұрылымының алпауыты бұл көрсеткіштің Теңіз кен орнынан 520 мың тонна, Доңға кен орнынан 252 мың тонна, Бозашы түбегінің кен орындарынан 1 млн 385 мың тонна және Қашаған кенішінен 7 мың тоннаға көп екенін жеткізді.
Отандық мұнай «саудасының қызуына» қатысты бірқатар себептерді ашып айтуға болады. Негізінен алғанда, Қазақстанның қара алтына деген сұранысты...
Бүгінгі таңда жоба бойынша жүріп жатқан жұмыстар 70 пайызға аяқталған. Бұл туралы ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Көлік министрі Марат Қарабаев Алматы облысына жұмыс сапары аясында ұзындығы 6 шақырымды құрайтын Шамалған станциясының айналма жолы құрылысының барысымен танысты.
Қазіргі уақытта жобаның 70%-дан астамы іске асырылған. Жолдың төменгі қабаты бойынша 3 км және жоғарғы қабаттың 2 шақырымы төселген, эстакада мен 2 көпірдің құрылысы аяқталуда. Аталған жол учаскесін 2022 жылы пайдалануға беру жоспарланған болатын. Осы ретте министр жобаны осы жылдың соңына дейін аяқтауды тапсырды.
«Бұл учаске Шамалған станциясындағы көлік ағынын төмнендетуге ықпал етіп, кептелісті азайтуға және экологиялы...
Қаржылық мониторинг агенттігі бұған дейін халықаралық іздеуде болған ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері Елдос Қоспаев, Айдос Қоспаев, Айбек Қоспаев, Руслан Шалин, Оксана Кудряшова, Алексей Кузнецов, Ерлан Имашев ұсталып, сот шешімімен уақытша ұстау изоляторына қамалғаны туралы хабарлайды.
Еске салайық, қылмыстық топ күш пен қоқан-лоққы қолданып, кәсіпкерлердің мүлкін басып алу, сондай-ақ Алматы қаласы мен Алматы облысы аумағында көлеңкелі кәсіпкерлікті жүзеге асырды деген күдікке ілінген.
Рейдерлік тәркілеу және заңсыз әрекеттерге қатысы бар тұлғаларды анықтау бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.
ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілуге жатпайды.
ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқы...
Қазақстан қор биржасының ақпараттық бағанында «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің қарапайым акциялар үшін 2022 жылға дивиденд төлеуді жүзеге асырғаны жайлы ақпарат жарияланды.
«2023 жылғы 8 қыркүйекте Холдинг 2022 жылдың қорытындысы бойынша 58 616 337 626 теңге мөлшерінде дивиденд төлеуді жүзеге асырды», – делінген жарияланған құжатта.
2023 жылы холдингтің бір қарапайым акциясы үшін есептелген дивиденд мөлшері 36 теңге 92 тиын болды.
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» – Қазақстан экономикасын әртараптандыру, инновацияларды қолдау, экспортты дамыту, еңбек өнімділігін ұлғайтуды қолдайтын, оны дамыту жөніндегі міндеттерді іске асыруды қамтамасыз ететін ұлттық институт.
Оның жалғыз акционері – Қаржы министрлігін...
Мемлекет басшысы «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеевті қабылдады. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады.
Президентке «Қазақтелеком» компаниялар тобының биылғы бірінші жартыжылдықта атқарған қызметінің негізгі қаржы-шаруашылық көрсеткіштері туралы есеп берілді.
Қуанышбек Есекеевтің айтуынша, еліміздің телекоммуникация саласындағы ірі операторының былтырғы осы кезеңмен салыстырғандағы табысы 10 пайызға, ал таза пайдасы 16 пайызға өскенін. 5G желісін құру – «Қазақтелеком» үшін басымдықтардың бірі саналады. Бұл бастама аясында 2027 жылға қарай бүкіл ел бойынша 7 мыңнан астам базалық станция салынуға тиіс. Сонымен қатар, осы жылдың соңына дейін бесінші буын желісінің 782 базалық станциясын салу жоспарланып отыр.
Әзербайжанмен бірлескен жоба аясында Каспий теңізінің табаны арқылы талшықты-оптикалық жел...
ҚР Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаевтың «The Hansa Consortium» неміс компаниясының басшылығымен кездесуі өтті. Бұл туралы ҚР Көлік министрлігі хабарлады.
Компания авиациялық терминалдар мен құрылыстарды, авиациялық инфрақұрылымды дамыту жөніндегі жұмыстарға, отын кешендерін салу жобаларына маманданған, Шереметьево (Ресей), Кербала (Ирак), Кветта (Пәкістан) сияқты халықаралық әуежайлардың авиациялық терминалдары мен құрылыстарын жаңғырту жобаларына, БАӘ, Сауд Арабиясы және Филиппинде отын кешендерін салу жобаларына қатысқан.
Неміс компаниясының өкілдері Ақтөбе қаласының жаңа әуежайын салу және басқару жөніндегі ірі инвестициялық жобаны іске асыруға қатысу үшін 500 млн.доллар инвестициялау ниеті туралы хабарлады.
Инвестициялық ұсыныс ретінде компания Ақтөбе әуежайы базасында өңірлік мультимодальды хаб, авиациялық техникалы...
Украинаның Жоғарғы Радасында (ВР) студенттерге майданға баруға келісімі үшін оқу ақысын төлеу ұсынылды. Тиісті заң жобасы республика Парламентінде тіркелген, деп хабарлайды Klymenko time Telegram-арнасы. Бұл туралы Лента ру сайты мәлімдеді.
Құжатқа сәйкес, соғысқа шақыруға келісім берген оқушылар қызмет аяқталғаннан кейін мемлекеттік бюджеттен ЖОО-ғы оқу ақысын төлей алады.
Бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленскийдің Рададағы өкілі Федор Вениславский Киевтің әскери міндеттілер үшін шетелге шығуын шектейтінін айтқан болатын.
АҚШ Қытайдың өндірістік қадамдарынан сескеніп, өнімдеріне қатысты тексерісті күшейткенін хабарланды. Bloomberg ақпарат агенттігінің жазуынша АҚШ үкіметі жаңа Huawei Technologies Co смартфонындағы жетілдірілген Қытай чиптерін тексеруді шындап қолға алды.
Жалпы, АҚШ Қытай өндірісін «тұқыртуды» бастағалы біраз болды. Елдегі Сауда министрлігі соңғы екі жылда Huawei мен Қытайдың жартылай өткізгіш өнеркәсібіне қарсы бірқатар шектеу енгізді.
Америкалықтар Mate 60 Pro смартфонында табылған «болжамды» 7 нанометрлік процессорын толық зерделеп, қосымша ақпарат алуды көздейді. Оның басты себебі – чиптің АҚШ-тағы «қара тізімге» енген Semiconductor Manufacturing International корпорациясы тарапынан дайындалуы.
«Біз болжамды 7 нанометрлік процессорының сипаты мен құрамы туралы қосымша ақпарат алу үшін...
БҰҰ астық мәмілесін қайта бастау үшін Ресейдің барлық шарттарын қабылдауға дайын. Бұл туралы Bild басылымы дүниежүзілік ұйымның Бас хатшысы Антонио Гутерриштің хатына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Басылымның хабарлауынша, БҰҰ Ресей банктерін SWIFT халықаралық төлем жүйесіне қайтаруды, ресейлік кемелерді Қара теңіздегі украин соққыларынан сақтандыруды, олардың Германия мен басқа Еуропа елдерінің порттарына кіруін жеңілдетуді, Еуропадағы ресейлік мұздатылған активтерді ашуды ұсынуға дайын.
Фото: kursiv.media
Президент жарлығымен Жоғары аудиторлық палатаның құзыреті күшейтілді. Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігі хабарлайды.
Құжатта палатаға жергілікті бюджеттердің қаражатына аудит жүргізуге негіз болатын себептердің қатары кеңейтілген. Нақты айтсақ, Жоғары аудит палатасы бюджеттің бұл түріне мемлекеттік органдардың, тексеру комиссияларының, жеке және заңды тұлғалардың жолданымдары бойынша, сондай-ақ құқық қорғау органдарының ақпараты негізінде аудит жүргізе алады.
Бірақ аудит жүргізу туралы қабылданған шешімді Президент Әкімшілігіне хабарлап, палата отырысында дауысқа салу арқылы бекітеді.
Палата мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылау органдары жүргізген аудиттің қорытындыларын қайта қарауға құзырет алып отыр. Ол үшін аудит материалы бойынша сот шешімі күшіне енбеген болуы керек. Аудит қорытындыларын қайта қарау...
Коллаж: kursiv.media
2023 жылдың алты айында еліміздегі қонақүйлер туристерге 98,7 млрд теңгеге қызмет көрсеткен. Штеледен 500 мыңнан аса турист келген. Бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 45%-ға артық, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.
Туризм министрлігі туристердің Қазақстандағы қонақүйлерге қанша ақша әкелгенін хабарлады. Қонақүйлердің табысы пандемияға дейінгі деңгеймен салыстырғанда екі есеге жуық өсті.
«2023 жылдың алғашқы жартыжылдығында еліміздегі орналастыру орындары туристерге 98,7 млрд теңгеге қызмет көрсетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 45 пайызға артық. Былтыр қаңтар-маусым аралығында еліміздегі орналастыру орындары туристерге 67,8 млрд теңгеге қызмет көрсеткен болатын», деп жазылған хабарламада,
Алматыда халықаралық құтқарушылардың қатысуымен жер сілкінісіне дайындықты тексеру мақсатында ауқымды»Жер-2023″ оқу-жаттығуы өткізіледі.
«Жер-2023» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуына республикалық азаматтық қорғау қызметтерінен басқа Түркі мемлекеттері ұйымына мүше – Әзірбайжан, Венгрия, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан елдерінің төтенше жағдайлар департаменттерінің авариялық-құтқару қызметтері қатысады», дейді ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Жанна Дәуренбекова.
Оқу-жаттығу 11-12 қыркүйек күні екі кезеңде өтеді. Алматы қаласында авариялық-құтқару қызметінің бірлескен іс-қимылдарын әзірлеу және үйлестіру жөніндегі республикалық штаб орналасады.
«Сейсмикалық жаттығулар «Жер-2023» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы аясында өткізіледі. Оның негізгі мақсаты – халықты жер сілкінісіне дайындау, оларға жалпы қауіпсіздік...
Фото: архив kursiv.media
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Сейсембаев жыл сайын елімізде кем дегенде 2 террористік шабуыл жоспарланып жасалады деп мәлімдеді. Тіпті террористер Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесін жармақ болған, деп жазады kursiv.media тілшісі.
«Биыл Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде қолдан жасалған жарылғыш құрылғыны жару әрекеті, сондай-ақ Астанада жаппай жиналған жерлерде қарулы шабуыл жасау әрекеттерге жол берілмеді», – деді Руслан Сейсембаев ШЫҰ Аймақтық терроризмге қарсы құрылымының кеңесінде.
Руслан Сейсембаев ҰҚК-ға түскен ақпараттан ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер үшін терроризм қаупі барын, оған бірқатар фактор әсер етеді деп қорытынды жасауға болатынын жеткізді.
«Туристендіру картасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 27 қазандағы № 332 бұйрығына өзгеріс енгізіледі.
Құжатта бектілген туристендіру картасына 102 түрлі туристік нысан мен аймақ енген. Оның ішінде республикалық деңгейдегі 33 туристік аумақ пен нысан бар.
Республикалық деңгейдегі туристік аумақ тізіміне Алматы, Астана, Түркістан қалалары енген. Сонымен бірге бұл тізімге Көлсай-көлдері, Тарбағатай, Іле-Алатау, Шарын, Қатон-Қарағай, Алтын-Емел, Жоңғар-Алатауы, Сайрам-Өгем және т.б. мемлекеттік ұлттық табиғи парктері кірген.
Туристік маңызы бар орындар санатында Ортағасырлық Сарайшық кешені, Отырар қалашығы, Көне-Тараз кешені, Ордабасы, Таңбалы, Ұлытау ұлттық тарихи-мәдени қорықтары да бар.
Капий теңізінің жағалауы, Алакөл, Балқаш, Ханқожа көлдер...
АҚШ Ресейдің «бөгет қойылып», нарықта жолы жабылған активтерінің құнын есепке салды. Есеп бойынша, шетелде бұғатталған Ресей активтердің сомасы, шамамен, 280 миллиард долларға жетіп жығылған.
Қазір Ресей активтерінің дені Еуропалық Одақ (ЕО) тұзағына түсіп, тым-тырыс жатыр. Бұл туралы АҚШ Қаржы министрлігінің Ресей элиталары, сенімді адамдар мен олигархтар (REPO) бойынша жұмыс жүргізетін топ хабарлады.
Әрі АҚШ-тық сарапшылар тобы бұған қатысы:
«Мамыр айында REPO қатып қалған және REPO – ға мүше юрисдикциялардағы Ресейдің егеменді активтерін картаға түсіру және есепке алу жұмысын аяқтады. <…> Активтердің жалпы құны шамамен 280 миллиард долларға бағаланады, оның көп бөлігі Еуропалық одақ төңірегінде...