Елорданың сол жағалауын жылытып жатқан ЖЭО-3-тің кезең-кезеңімен төртінші қазандығы да іске қосылды. Қазір кезде жылу электр орталығы құрылыс басталғаннан кейін 13 жыл өткен соң ғана толық қуатымен жұмыс істеп тұр.
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында Астананы жылумен қамтамасыз ету жұмысы туралы мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
«Құрылысы ұзаққа созылған ЖЭО-3-ті іске қосу үшін үлкен жұмыс атқарылды.
Аталмыш жылу электр орталығындағы төрт қазандықтың бәрі іске қосылды. Бұл қаланы 440 Гкал/сағатпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.ЖЭО-3-тің бірінші кезеңінің құрылысы қазан айында аяқталды. Нысан осы кезден бастап қалаға жылу беруді бастады. ЖЭО-3 сол жағалаудың бір...