2023 жылдың бастапқы алты айында Атырау мұнай өңдеу зауыты бюджетке 72 млрд теңге салық төлеген. Оның 65 млрд теңгесі жергілікті бюджетке түскен.
«2023 жылдың тек алты айында ғана АМӨЗ 72 миллиард теңгеден астам сомада салық төлесе, соның ішінде 7 миллиард теңгесін республикалық, 65 миллиард теңгеден астамын жергілікті бюджетке төлем етіп салған», – делінген ҚазМұнайГаз хабарламасында.
Айта кетейік, 2022 жыл қорытындысымен салыстырғанда салық көлемі ұлғайған. 2022 жылдың қорытындысы бойынша кәсіпорын 113 млрд теңге салық төлеген. Соның ішінде республикалық бюджетке 22,6 млрд теңге, ал жергілікті бюджетке 90,4 млрд теңге түскен.
13-қыркүйек күні Атырау мұнай өңдеу зауыты бірқатар қондырғылардың жұмысы тоқтағанын...