Канадалық Zenith Energy Қазақстандағы 4 миллион баррель мұнай қоры бар активті сатып алу мүмкіндігін қарастырып жатыр. Бұл туралы Интерфакс-Қазақстан агенттігі хабарлайды.
Zenith Energy қазақстандық компаниямен мұнайға бай Атырау облысындағы тау-кен активін сатып алу туралы меморандумға қол қойған.
Хабарламада Қазақстандық компания COVID-19 пандемиясына дейін күніне шамамен 600 баррель мұнай өндіретін активтің 100% акциясына иелік ететіні жазылғанымен, компанияның атын нақтылнбаған. Канадалық компанияның мәлімдемесінде қазіргі уақытта өндіріс тоқтап тұр делінген.
Меморандум Zenith-ке активті бағалауға 90 күн берген. Мәміле техникалық және қаржылық сараптамадан кейін жүзеге асырылуы мүмкін.
Егер тараптар келіссе, бұл мәміленің коммерциялық шарттары 2023 жылдың 30 қарашасынан кешікпей ресімделу...