Жетісу облысының шаруалары президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа ашық хат жолдады. Оларды еліміздегі қант шаруашылығының тағдыры алаңдатады. Фермерлердің айтуынша, қант зауыттары монополияланған.
Жетісу облысының фермерлері «Көксу қант зауыты» қызылшаны шаруалардан өте арзанға сатып алатынын айтады. Ал нарыққа қымбатқа шығарады.
«Мен 22 жыл бойы қант қызылшасымен айналысып келемін. 2017 жылға дейін мен ешбір қарыз немесе несиесіз өз техникамды жаңалап тұруға мүмкіндігім болды. Ал соңғы бес жылдан бері мен жұмысшылардың жалақысын әрең төлеймін. Ал техникаға ақша қалмайды. Шаруалардың табысын зауыт жеп жатыр. Олай деуімнің себебі 2004 жылдары біз зауытпен келісімшартқа отырғанда, өңделген қанттың 70 пайызын біз, 30 пайызын...