Алматыда құрылысы талай жылдан бері аяқталмай тұрған нысандар тексеріледі. Бұл жайлы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Жоспардан тыс тексерістің басталуына қала тұрғындары себеп болған. Олардың айтуынша, бүгінде мұндай қараусыз қалған құрылыстар балалардың ойын алаңына айналып, өміріне қауіп төндірген.
«Нәтижесінде мұндай нысандар тексеріліп, анықталған бұзушылықтарды жоюға ұйғарым берілді. Қажет болған жағдайда оны мәжбүрлеп орындау үшін сотқа талап-арыз жіберіледі. Азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін аяқсыз қалған құрылыстар бұзылуы мүмкін», – деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Осы орайда баспасөз қызметі құрылыс жұмысы тоқтаған немесе 6 айдан астам мерзімге созылған нысандар халық пен қоршаған ортаны...