2023 жылдың III тоқсанында кредиттеу бойынша банктерде жүргізілген сауалнама қорытындысын жариялады.
Сауалнаманың нәтижесі бойынша, III тоқсанда кәсіпкерлік субъектілері тарапынан негізінен, шағын және орта бизнес есебінен кредитке сұраныс біршама өскен.
Ірі, орта және шағын бизнесті кредиттеу
«Шағын бизнес субъектілері сұранысының бірқалыпты өсуі көбінесе банктердің жеке нарықтық өнімдерімен қамтамасыз етілді. Банктер жүргізген жарнамалық акциялар алдыңғы тоқсандарда іске қосылған онлайн-өнімдердің танылуына әсер етті. Осылайша, шағын бизнестегі кредиттік өтінімдердің жалпы саны 20%-ға 822 мыңға дейін өсті», – делінген ақпаратта.
Банктер III тоқсанның қорытындысы бойынша орта бизнес субъектілері тарапынан кредитке деген сұраныстың да біршама артқанын атап...