2023 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша «Қазақтелеком» кірісін 6 пайызға немесе 30 млрд теңгеге өсіріп, жалпы 504 млрд теңгеге жеткізді. Бұл жайлы Қазақстан қор биржасының (KASE) сайтында жазылған.
Мұндай көрсеткіштерге компания қызметінің негізгі сегменттері: тіркелген және ұялы байланыста кірістің артуы себеп болған. Нәтижесінде EBITDA 3,2%-ға артса, сатудан түскен табыс та 3,2%-ды құраған.
Қаңтар-қыркүйек айларында оператордың таза табысы 0,7%-ға өсіп, 89,3 млрд теңге болды. «Қазақтелеком» мұндай нәтижелерді 5G жиіліктерін енгізуге қатысты ірі жобаларға жұмсалатын шығындардың артуымен байланыстырады. Оған қоса, өткен жылдың соңында Қазақтелекомға тиесілі екі компания – Mobile Telecom Service (Tele2 және Altel брендтері) және Kcell (Kcell және Activ...