Қазақ-қырғыз шекарасындағы өткізу бекеттерінің бірінде 500 жүк көлігі тағы өте алмай тұр. Қырғызстанның шекара қызметі көлік кептелісіне не себеп болғанын түсіндірді.
Қырғызстанның шекара қызметі мемлекеттік шекараның қырғыз-қазақ учаскесіндегі «Ақ-Тілек» бақылау-өткізу бекетінде көлік құралдары мен жүк көліктері тұрып қалғанын хабарлайды.
«20 қарашада жергілікті уақыт бойынша сағат 11:00-де «Ақ-Тілек» өткізу бекетінің алдында 500 жүк көлігі шекаралық бақылаудан өту үшін кезекте тұр», – делінген хабарламада.
Қырғыз Республикасы Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитетінің мәліметінше, соңғы тәулікте Қырғызстаннан Қазақстанға 280 көлік шыққан.
«Жүк көліктерінің өткізу пунктінде тұрып қалуы Қырғызстаннан ауыл шаруашылығы өнімдері мен халы...