Қарқыны қатты, жоспары жойқын болып ашылған көпфункционалды «Керуен Сарай» туристік кешені екі жарым жыл өтсе де, толық қуатында жұмыс істей алмай отыр.
Қарашаның сенбі күні болса да Түркістанның басты туристік нысандарының бірі – «Керуен Сарайында» адам қарасы аз. Біреулер сауда жасап жүрсе, басқа біреулер сауда орталығының әдемі жерлерінде суретке түсіп, құр серуендеп жүр. Бұл жердің басты қызығы – шағын көл мен орталықтағы жартылай дөңгелек алаңда. Ал сауда орталығының екінші қатарынан ешкімді көрмейсің. Ол жердегі сауда павильондар әлі күнге дейін қаңырап бос тұр, көбісі – сол бастапқы берілген қалпында. Жақын маңда орналасқан тамақтану орындарында да адам аз, жұмыс істеп тұрған алты...