Фото: alina.kz
Жапонның ірі бояу холдингі Nippon Paint қазақстандық Alina Group компаниясының 75 пайыз акциясын сатып алды. Тараптар келісімге 11 қарашада қол қойған.
Компания сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, Alina Group иелері халықаралық стратегиялық инвестор тартуға шешім қабылдаған.
Осы стратегиялық келісімнің арқасында Alina Group жаңа нарыққа шығу, сатып алу шығынды оңтайландыру, қосымша қаржы көзін тарту және жаңа технологияны енгізуді жоспарлап отыр.
Бас кеңсесі Жапонияда орналасқан Nippon Paint Holdings Co., Ltd. – бояу және лак өнімдерін шығаратын әлемдегі ірі өндіруші дистрибьютордың бірі. Қазіргі кезде Nippon Paint құрылыс индустриясы, сондай-ақ өнеркәсіптік, коммерциялық, автомобиль және теңіз жабындарын, бояулар мен жабын ұсынады...