Қызылорда облысында «Ақшабұлақ“ кен орнындағы өртке байланысты полиция тергеу жүргізіп жатыр
«19 тамыз түнгі сағат 02:20 шамасында “Ақшабұлақ» кен орнында цистерна жарылып, өрт болды. Салдарынан 1 адам оқиға орнында қайтыс болып, 3 адам облыстық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылса, 1 адам медициналық мекемеге көрініп, қайтарылды»-делінген хабарламада.
ҚР ҚК 156-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп – тексеру әрекеттері жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалып, мән – жайлар анықталуда.
Кен орны кімге тиесілі. «Қазгермұнай» БК» ЖШС – Қазақстанның мұнай шығару секторындағы ірі компаниялардың бірі болып табылады. Компания өзінің көмірсутек шикізатын барлау, өндіру және өткізу қызметтерін және Қызылорда облысының Оңтүстік Торғай ойпатындағы Ақшабұлақ, Нұралы Ақсай...