Астанада ауа райы нашарлап, салдарынан қала маңына қатынайтын бірнеше бағдар бойынша көлік қозғалысына шектеулер қойылды.
«Ауа райының нашарлауына (жауын, көктайғақ, қатты жел) және жолдардың жабылуына байланысты қала маңына қатынайтын барлық бағдардың қозғалысы уақытша тоқтатылды», – делінген баспасөз хабарламасында.
Атап айтқанда, республикалық маңызы бар Астана-Петропавл автожолы, «Астана – Щучинск» учаскесі бойынша жол жабылған. Сонымен бірге Астана-Ерейментау-Шидерты автожолы, «Астана – Павлодар облысы шекарасы» учаскесі мен республикалық маңызы бар Астана-Қорғалжын трассасының бір бөлігі барлық автокөлік түріне жабық.
Қала әкімдігі Астанада ауа райы нашарлауына байланысты көлік ағындары мен қоғамдық көліктің қозғалыс жылдамдығы төмендеп, автобус бағдарларының кешігетінін, қала...