ҚР Ұлттық банкінің деректеріне сәйкес, 2024 жылғы шілденің аяғында М2 ақша агрегаты бір айда 35 трлн теңгеге дейін немесе 2,4%-ға өсті. Ал жыл басынан бері 6,7%-ға, ал бір жыл ішінде бұл көрсеткіш 21,1%-ға артты.
М2 ақша агрегаты – бұл айналымдағы қолма-қол ақшаны, жеке және заңды тұлғалардың депозиттерін, халықтың теңгедегі және шетел валютасындағы жинақ депозиттерінің көрсеткіші.
Шілдеде, әсіресе, айналымдағы қолма-қол ақша көлемі 1,3% артқан. Экономикадағы қолма-қол ақшаның өсімі жыл басынан бері 9%-ға дейін үдеп, бір жыл ішінде өсім 13,1%-ды құрады.
Осылайша 2024 жылғы шілдеде ақша базасы да жыл басынан бері екінші ай қатарынан 16,8%, ал бір айда 1,5%, яғни...