Фото: Илья Ким
Бүгінде тау бөктерінде бой түзеген үйлер мен отельдердің бағасы Альпідегіден кем емес…
Оңтүстік астананың жылжымайтын мүлік нарығында шектеулі ұсыныс пен жоғары бағаға негізделген ерекше сегмент бар, ол – тау бөктерінде бой түзеген үйлер мен отельдерден тұрады. Бұл сегменттегі кейбір лоттарды сатып алу немесе жалдау құны Швейцарияның Альпі курортындағы бағалардан еш кем емес.
Пандемия кезінде тау бөктеріне қарай жылыстап, таулы өмірдің барлық рахатын сезінген ауқатты инвесторлар Альпідегі шале атаулыдан бүгін де бас тартқысы жоқ. Штаб-пәтері Лондонда (Англия) орналасқан Knight Frank агенттігі Альпі нарығы бойынша қадағалауға алған тау бөктеріндегі жиырма шақты үйдің бағасы 2021 жылдың маусымы мен...