Фото: shutterstock.com
Қазақстан мен Қытай өзара сауда-саттық айналымын 100 млрд долларға дейін жеткізуге ниетті. Бұл – жеті жылдан кейін жетуге тиіс міндет. Биылғы деңгейіміз 25 млрд доллардың маңайында. Қазір ауыл шаруашылығы, мұнай-газ, өңдеуші өнеркәсіп салаларында қытайлық инвесторлар келе бастады. Ал Қазақстан өз тарапынан дәстүрлі шикізат экспорттаушылық позициясын күшейте түсуге ынталы. Мәселен, бірер күн бұрын ғана Энергетика министрлігі Қытайға мұнай мен газ экспортын күшейтетінін мәлімдеді.
Жалпы, қос тарап арасындағы байланыс бұрын-соңды болмаған ынтымақтастық аясында дамып келе жатыр. Әсіресе, пандемиядан бері. Дүниежүзін жайлаған дерттің беті қайтысымен ҚХР төрағасының ең бірінші Қазақстанға сапарлауы да тегін болмаса керек-ті. Қытайтанушы Әділ Кәукеновтың айтуынша, әлемнің екінш...