Аслан Сәрінжіпов Назарбаев университетінің атқарушы вице-президенті болып тағайындалды/kursiv.media
Назарбаев университеті қамқоршылық кеңесінің шешімімен бұрынғы Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов жоғары оқу орнының атқарушы вице-президенті болып тағайындалды. Бұл туралы Назарбаев университетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Соңғы 4 жылда Назарбаев университетінің атқарушы вице-президенті Арғын Қыпшақов болды.
Баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Аслан Сәрінжіпов Назарбаев университетінің құрылуы мен қалыптасуының басы-қасында болған.
Назарбаев университеті қамқоршылық кеңесінің шешімімен тағы 3 адам вице-президент болып тағайындалды.
«Дархан Біләлов, жоғары білім саласындағы PhD докторы. Бұрын «Абай атындағы ҚазҰПУ» КеАҚ басқарма төрағасы – ректоры, ҚР Президентінің жанындағы «ҚР Ұлттық ғылым академиясының» вице-президенті қызметтерін атқарған. Ерлан Шоланов...