ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері мәлімдеме жасады. Олар жаһандық шиеленіске алаңдай отырып, әлемнің барлық мемлекетін «саяси және экономикалық даму деңгейіне қарамастан, егемендік теңдігі қағидатын қатаң сақтауға» шақырады. Мәлімдеме ұйымның сайтында жарияланды.
Не болды. Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері Еуразиялық кеңістіктің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жалпы тәсілдері туралы мәлімдеме жасады.
«Министрлер барлық мемлекетаралық қатынастардағы жанжалды барынша азайтуға, тиісті халықаралық қатынастарды тарта отырып, ынтымақтастыққа негізделген жалпыға бірдей, кешенді, орнықты қауіпсіздікті қамтамасыз етуге үндейді «,– делінген хабарламада.
Мәлімдемеде тағы не айтылады:
Министрлер «әлемде болып жатқан өзгерістердің жылдам сипаты» мен көпполярлы әлемдік тәртіпт...