Париж Олимпиадасының алғашқы жарыс күні Қазақстан қоржынына алтын түсті. Ұлттық құрама көшбасшысы Елдос Сметов дзюдодан Олимпиада чемпионы атанды.
Қазақ палуаны Париждегі ойындардың финалында Лука Мхеидземен (Франция) күресіп, қарсыласынан басым түсті.
«Тараздық татами шебері осыған дейін 2016 жылы Рио Олимпиадасында финалға шыққанымен қарсыласына есе жіберіп, күміспен күптелген. Ал Токиодағы ойындарда Торнике Чкадуаны жығып, үздік үштікті түйіндеген. Ал бүгін Елдос өміріндегі басты белдесуде бар шеберлігін паш етті», – деп жазады Туризм және спорт министрлігі.
Жалпы Сметов үшін Парижде жеребе оңай болмаған. Іріктеуде Торнике Чкадуаны (Нидерланд), Дильшот Халматовты (Украина), ширек финалда Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері Янг...