2021 жылдан бері Қазақстанда салық төлеушілерге санатына қарай табысын декларациялау міндеттеліп келеді. Атқаратын қызметіне қарай бірнеше санатқа бөлініп, осы кезге дейін екі кезең артта қалды. Үшіншісі 1,5 айдан кейін басталады. Бұл жолы табысы туралы толыққанды ақпарат беретін кімдер? Қандай формада тапсырады? Есеп тапсырмаған жағдайда не болады?
Жалпыға бірдей декларациялау не үшін керек?
Мұндағы мақсат — көлеңкелі экономика мен және жемқорлықпен күрес. Сол арқылы әркім тапқан табысы мен иеленген мүлігінің таза жолмен келгенін дәлелдейді. Кәсіпкерлікпен айналысқан адамның бәрі бірдей салық төлеп, бизнесін ашық жүргізуі керек. Жалпыға бірдей декларациялауды енгізу процесін бір сәтте мүмкін емес. Сондықтан Қазақстан Республикасының Салық кодексіндег...