2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша, қазақстандықтардың зейнетақы жинағы 20 трлн теңгеге жеткен. Жыл басынан бері зейнетақы шоттарына 2,1 трлн теңге қаржы түсіп, 111,8 пайыз өсім байқатқан. 6 айда 1,21 трлн теңге инвестициялық табыс есептелді.
Зейнетақы жинағының 96%-ы – міндетті зейнетақы жарналары. Оның көлемі шамамен 19,3 трлн теңгені құрайды. Бір жылдағы өсім 23,7% болса, жыл басынан бері 11,3% өскен. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарнасы бойынша жинақ сомасы – 619,9 млрд теңге.
«Ең үлкен өсімді (жылына 48,4%, жыл басынан бері 22,5%) ерікті зейнетақы жарналары бойынша жинақтар көрсетті, оның көлемі – 6,5 млрд теңге», – делінген БЖЗ...