Қазақстанға су ресурстары тапшылығының қаупі төніп тұр. Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресейдің XIX Өңіраралық ынтымақтастық форумында осылай деді.
«Жағдайды экономикамыздың негізгі салаларының, әсіресе ауыл шаруашылығы саласының су тұтыну көрсеткішінің жоғары болуы ушықтырып тұр. Сарапшылардың болжамы бойынша, 2050 жылға қарай Орталық Азиядағы құрғақшылық пен су тасқыны өнім алу көрсеткішін 30%-ға дейін төмендетуі мүмкін. Біздің аграрлық сектор 60%-дан астам су тұтынады және жергілікті жерде су үнемдеуді талап етеді. Бұл аса өзекті мәселе. Біз осы сын-тегеуірінге жауап ретінде су секторын жаңғыртуға көшеміз. Алдағы уақытта 20 жаңа су қоймасын құрып, 15-тен астам қолданыстағы су қоймасын қалпына келтіру жоспарланған...