Фото: kursiv.media
Ресей Талдамалық кредиттік рейтинг агенттігі (АКРА) Қазақстанда Standard & Poor’s, Moody’s және Fitch сынды халықарлық агенттіктерімен қатар мойындалатын болды. Оған ҚНРДА-ның реттеу құжаттарына шетелдік рейтинг агенттерін мойындауға қатысты бірқатар нормативтік өзгеріс енгізгені себеп. Ал АКРА белгіленген шарттарға сай екенін растаған.
«Ресей Талдамалық кредиттік рейтинг агенттігі (бұдан әрі – ТКРА) белгіленген өлшемшарттарға сәйкестігін растады. Жүргізілген бағалау қорытындысы бойынша Агенттік ТКРА-ның рейтингтерін пруденциялық нормативтер мен лимиттерді сақтау мақсатында қаржы ұйымдарының қолдануы үшін таныды», -делінген ҚНРДА хабарламасында.
ҚНРДА Төрағасының орынбасары Нұрлан Әбдірахмановтың айтуынша, агенттіктің 2023 жылғы шілдеде қабылдаған №67 қаулысында шетелдік рейтинг агенттіктерді тану өлшемшарттары белгіленген.
«Шетелдік...