2023 жылдың үш тоқсанының қорытындысы бойынша банк секторында қалыптасқан соңғы көрсеткіштерді негізге ала отырып, «Курсив» қыркүйектегі нәтижелер қазан айындағы жағдайға қалай әсер еткенін есептеп шықты.
Зерттеу барысында отандық банктердің қызметіне қатысты үйлестіруші мекеме жария еткен ресми мәліметтер есепке алынды.
Активтер
2023 жылдың қыркүйек айында банк секторындағы жиынтық активтер 2,53%-ға немесе 1,18 трлн теңгеге ұлғайып өскен. Активтердің бұлайша қарқындап өсуі биыл осымен екінші рет байқалып отыр, бұған дейін бір айдағы мұндай өсім көрсеткіші маусымда көрініс берген-тін (+2,64%). Қыркүйектегі нақты өсім номиналды өсімнен төмен шықты, бұған ұлттық валютаның 3,22%-ға әлсіреуі (1 АҚШ доллары үшін 459,7 теңгеден 474,5 теңгеге дейін) және соған...