31 қазанда қазақ эстрадасының жұлдызы Қайрат Нұртас Орталық стадионда концерт өткізеді. Соған байланысты Алматы қаласында бірнеше көше жабылуы мүмкін. Полиция осылай деп ескертті.
Алматы полициясы Қайрат Нұртастың стадионда өтетін концерті кезінде қоғам тәртібі мен көрермендер қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Бұған қоса, мегаполисте бірнеше көше жабылады.
«Кептелістерді болдырмау мақсатында Абай даңғылы – Байтұрсынұлы, Мұқанов және Сәтбаев көшелерінің қиылысында автокөлік қозғалысы ішінара шектелуі мүмкін», – деп хабарлады polisia.kz.
Соған байланысты полиция қала тұрғындары мен қонақтарына шектеуге түсіністікпен қарап, қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды сұрады.
«Қоғамдық тәртіпті сақтап, полиция қызметкерлерінің нұсқауларын орындаңыздар...