Қазақстандық шахматшылар ел тәуелсіздігінің тарихында тұңғыш рет шахматтан әлем чемпионатының финалына шықты. Бұл – Қазақстан кем дегенде күміске ие болды дегенді білдіреді.
Қуанышты хабарды Қазақстан шахмат федерациясының бірінші вице-президенті және Азия шахмат федерациясының вице-президенті Дәрмен Сәдуақасов хабарлаған. Өзінің Facebook парақшасында Қазақстан әйелдер құрамасы шахматтан әлем чемпионатының финалына шыққанын хабарлаған ол, мұндай нәтиже Қазақстан тарихындағы алғашқы атаулы оқиға екенін айтқан.
«Сүйінші! Әйелдер арасындағы әлем чемпионатының финалындамыз!!! Үшінші қосымша матчта Франция құрамасын жеңу команданың 2-1 есебімен жеңіске жетуіне жол ашты. Біздің әйелдер құрамасы Грузия құрамасымен финалға шығады. Қазақстан Тәуелсіздік тарихында тұңғыш рет әйелдер арасындағы команда әлем...