«ҚазМұнайГаз» 2024 жылдың І тоқсанының қаржылық есебін жариялады. Теңгемен есептегенде мұнай бағасы небәрі 1,5%-ға өскеніне қарамастан, кіріс, еркін ақша ағыны, операциялық және таза пайда анағұрлым жоғары динамика көрсетті. Бұл ретте Freedom Broker сарапшылары компания акциялары бағасының өсу әлеуетіне қатысты болжамын жаңартты.
«Өткен жылы бос ақша ағыны теріс болды, ал алдыңғы тоқсанда ҚМГ таза шығынға ұшырады. EBITDA маржасы да аздап өсті. Бұл кірістің өсуімен бірге таза пайданың өсуіне әкелді. Ол соңғы бір жарым жылдағы екінші жоғары көрсеткіш», – деп түсіндірді Freedom Broker сарапшылары.
Ал дивидендтер деңгейі 2023 жылмен бірдей болды. Дегенмен бұл фактор...