Оқу-ағарту министрлігі барлық білім беру ұйымдарында қолдану үшін Буллингке қарсы бірыңғай бағдарлама әзірлеп жатыр. Бұл жайлы оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан айтты.
Бұл бағдарламаны дайындау үшін мамандар талдау жүргізіп, статистикалық мәліметтерді зерттеген. Балаларға қатысты зорлық-зомбылық туралы деректерді жинақтап, қауіп факторлары да анықталған. Осыларды зерделей келе балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау үшін қандай ресурстар пайдалануға болатыны белгілі болған.
«Бағдарлама аясында балаларға буллингтің не екені түсіндіріледі. Балалар мен мұғалімдер бір-бірін түсініп, мәселелерді бірге шешуді үйренеді. Балалардың жалғыз емес екенін білуге тиіс. Мектептерде проблемалар туындаса, ересектермен сөйлесуге болатын орындар жасалады. Балалар, мұғалімдер, ата-аналар бірге жұмыс істейді. Аталған бағдарлама тәрбие...