Фото: shutterstock.com
Үлескер қаржысын тартуға рұқсаты болмаса да, халықтан алдап 606,5 млн теңге жинап алған ЖСШ басшылығының үстінен қылмыстық іс қозғалды. Олар сот санкциясымен қамауға алынған.
ҚМА Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті ЖШС басшылары үлескерлерден заңсыз ақша жинады деген күдікпен қылмыстық істі тергеп жатыр.
«Қылмыстық істі тергеу барысында ЖШС-нің лауазымды қызметкерлері 2021-2023 жылдар аралығында үлескерлердің ақшалай қаражатын тартуға рұқсаты болмай, пәтерлерді ерте кезеңде брондау арқылы азаматтарды үлестік құрылысқа белсенді тартқаны анықталды», делінген хабарлама.
Қазіргі уақытта тараптардың қосымша келісімдер жасасу арқылы пәтерлерді алдын ала брондау шарттары үзілген.Сот шешімімен ЖШС-нің құрылыс-монтаж жұмыстарын орындауға лицензияны...