Фото: kursiv.media
Жаңа кен орындарына геологиялық барлау жүргізілмесе, Қазақстандағы бағалы және түсті металдар қоры алдағы 10-15 жылда сарқылуы мүмкін. Бұл туралы Индустрия және құрылыс министрлігі Индустриялық даму комитеті төрағасының орынбасары Тұрар Жолмағамбетов мәлімдеді.
«Кеңестік кезеңнен қалыптасқан минералды-шикізаттық базаны қарқынды игеру олардың біртіндеп сарқылуына әкеп соғады.Қазіргі уақытта экспорттағы үлесі айтарлықтай басым түсті және бағалы металдар қоры алдады 10-15 жылда қызылып бітуі мүмкін», – деді Жолмағамбетов жұма күні Қазақстан геологтарының бірінші съезінде.
Оның айтуынша, Шығыс Қазақстандағы ірі қорғасын-мырыш кен орындары толығымен игерілген.
Бұған дейін Энергетика вице-министрі Асхат Хасенов еліміздегі сарқылған кен орындары көбейгенін, қазір олар...