Фото: kursiv.media
Қытайлық компаниялар Қазақстанмен көмір-химия өнеркәсібін дамытуда, оның ішінде көмірден отын өндіруде ынтымақтастыққа дайын, деп хабарлады «Курсив» басылымына Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Индустриялық даму комитеті төрағасының орынбасары Тұрар Жолмағамбетов.
«Көмірден синтетикалық мұнай алуға қатысты мысал келтіретін болсақ, мұнай өңдеу зауыттары өңдейтін 20 миллион тонна мұнайды алу үшін шамамен 40 миллион тонна көмір қажет. Біз бәрін отын эквивалентінде есептейміз», деді Жолмағамбетов.
Оның айтуынша, Қытай жылына 400 миллион тонна көмір өңдеп, 200 миллион тонна отын мен 30 миллиард текше метр газ және басқа да өнімдер шығарады. ҚХР көмірді басқа елдерден импорттайды. Ол елдегі өндірілетін...