фото: kursiv.media
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек қаланың архитектуралық көрінісін «ажарландыруға» қатысты ой айтты. Әкім өзінің Instagram парақшасында абаттандырылатын аулалар мен қоғамдық кеңістіктер жайына тоқталып, қаланы көгалдандырудың маңызын сөз етті.
Әкімнің айтуынша, Астана қаласындағы жасыл желектің саны «жасыл экономикалық саясат» нәтижесінде 2,5 есе артпақ.
«Құрылыс салушыларға құрылыс сапасымен бірге қажетті инфрақұрылымның бәрін тиісті түрде жүргізу, аулаларды абаттандыру және аумақты көгалдандыру міндеттерін жүктедік. Осылайша биыл қолданысқа берілетін тұрғын үй кешендерінің аумағын көгалдандыру жоспарын қайта қарадық. Жасыл желектердің санын 2,5 есе арттырдық», – деді қала әкімі.
Жеңіс Қасымбектің хабарлауынша, жеке құрылыс салушылар ендігіде қаланы...