Алматыдағы «ҚИ 832 актомобиль жөндеу зауыты» АҚ акцияларының 100 пайызы мемлекетке қайтарылды. Зауыт 2017 жылы арзанға сатылып кеткен.
Прокуратураның хабарлауынша зауытты 8 жыл бұрын жалғыз акционері 70 млн теңгеге сатқан. Ол кезде компанияның 100 пайыз акциясы «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-на тиесілі болған.
«Осы факті бойынша Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 27.05.2024 жылғы шешімімен мәмілені жарамсыз деп тану туралы прокуратураның талап арызы қанағаттандырылды», – делінген хабарламада.
Мемлекет меншігіне 2,5 мың м2 және 1,87 гектар жер учаскесі қайтарылған.
Зауыт тарихы
1970 жылы қайта құрылған Орта Азиялық әскери округтің автожөндеу базасын дамыту...