Ел билігі банктерді бизнеске несие беруге сан мәрте шақырғанымен, корпоративтік секторға қарыз беруде жағдай күрделі болып тұр. Бизнес те, банк өкілдері мемлекеттік бағалы қағаздар мен Ұлттық банк нотасына сұраныс жоғарылап жатқан кезеңде несие беру белсенділігі төмендегенін атап өтті. Бұның бәрі – жоғары базалық мөлешерлеменің дестимуляциялық әсерінің нәтижесі.
Бизнеске арналған арзан несие тапшылығы мәселесін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сан мәрте көтерген. Биылғы Жолдауында:
«Корпоративті салаға берілетін несиенің жеткіліксіздік мәселесін шешу керек. Экономикаға ақша керек», – дей келе: «банктерді корпоративті несие беру ісіне белсене қатысуға, яғни кәсіпкерлерді қолдауға ынталандыру керек. Банк қызметінің басқа түрлеріне қарағанда бизнеске несие...