Фото: kursiv.media
Қазақстанның Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Сауд Арабиясының Энергетика министрі ханзада Абдулазиз бин Салман бин Абдулазиз Аль Саудпен кездесіп, екі ел арасындағы энергетикалық ынтымақтастықты талқылады. Бұл жайлы министрліктің баспасөз орталығы хабарлады.
Эр-Рияд қаласына іссапары барысында Қазақстанның Энергетика министрлігі мен Сауд Арабиясы Корольдігі министрлігі арасында келісімге қол қойылды. Ол құжатта мұнай және газ, электр энергетикасы, таза сутегі, ЖЭК, цифрлық трансформация, энергетикадағы инновациялар мен киберқауіпсіздік, энергетика саласындағы компаниялармен ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ энергетика саласындағы энергетикалық сектор мәселелері, энергетикалық ынтымақтастықты дамытудың басқа да өзекті мәселелері қамтылған.
«Алмасадам Сәтқалиев қазақстандық мұнай-газ саласының мамандарын жұмысқа орналастыру және олардың кәсіби біліктілігін арттыру...