фото: rakhat.kz
«Lotte Рахат» АҚ өкілдері кондитерлік фабриканың өндіріс көлемін ұлғайту мақсатында, өндірісті оңтүстік астанадан Алматы облысы аумағына көшіруді жоспарлап отыр. Бұл мәселе компания басшыларының аталған облыс әкімінің орынбасары Нұржан Құдайбергеновпен кездесу барысында талқыланған.
Инвесторлар Алматы облысынан 20-30 гектарды құрайтын қолайлы жер телімін таңдау мүмкіндігін қарастырып жатыр. Алдын ала есептеулер бойынша, инвестиция көлемі шамамен 200 миллион АҚШ долларын құрайды. Жұмыс істеп тұрған зауыттың қуаттылығын кеңейте отырып, жаңа алаңға көшіру жоспарланған.
”Бұл жоба облыстың, сондай-ақ жалпы еліміздің индустриялық дамуына серпін беріп, кемінде 1000 қосымша жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді», – деп атап өтті облыстық кәсіпкерлік және...