Lululemon Athletica Қытай нарығында кең таралуды көздейді / Фото: shutterstock
Канадалық спорттық киім мен аксессуарлар өндіруші Lululemon Athletica-ның бағасы Нью-Йорктегі постмаркетте шамамен 10%-ға өсті. Бұған дейін жыл басынан бері қағаздарының құны 40%-ға төмендеген компания бірінші тоқсанда нарықтағы кірісі жөнінен жұрт күткеннен әлдеқайда жақсы нәтиже көрсетті. Осыған орай жылдық болжам да жақсара түсті.
Толығырақ
Lululemon-нің бірінші тоқсандағы пайдасы нарық күткен шамадан асып, оның ағымдағы қаржы жылындағы кірісіне қатысты болжам да көтерілді. Соның арқасында кеңейтілген саудада компанияның баға белгіленімі 9,7%-ға өсті. Бағаның өсу шыңы 13%-ға жетті деп жазады Bloomberg.
Спорт тауарларын өндірушінің пайдасы 28 сәуірде аяқталған қаржылық тоқсанда бір акция...